Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша жобаны пайдалана отырып, 4760 нысан өз қызметін жүзеге асыруда, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, «Аshyq» жобасы енгізілгелі бері мониторингтік топтар бағдарламаны пайдалана отырып, қызметін жүзеге асыратын 2607 объектіні тексерді. Соның ішінде жұмыс алгоритмін бұзған 438 нысан анықталды.
QR-кодты сканерлеу кезінде облыс бойынша «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 794 келуші анықталды, оның ішінде «қызыл» мәртебесі 389, «сары» мәртебесі 413 келушіден анықталды. Еңбекшіқазақ, Алакөл, Жамбыл, Іле, Кербұлақ аудандарында, Қапшағай және Талдықорған қалаларында 700 080 теңге сомасына 16 әкімшілік жаза қолданылды.
Пандемия кезінде бизнес субъектілерінің жұмысына жеңілдіктер беру мақсатында 2021 жылдың 14 сәуірінен бастап Алматы облысының аумағында «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылды.