Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Панфилов ауданы, Жаркент қаласының 100 жастағы тұрғыны Зейнелхан Оспанова Алматы облысында алғашқылардың бірі болып дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
12 баланың анасы, облыстың құрметті тұрғыны Зейнелхан апа Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы барлық саяси дауыс беруге қатысқан. Бүгін де ол өз дауысын беруге келген.
"Қазақстанымыздың гүлденуі. Бәрі жастар үшін - еліміздің болашағы үшін жасалып жатыр. Бәрі референдумға қатысып, өз таңдауын жасауы керек. Бұл әрбір қазақстандық үшін өте жауапты миссия", - дейді Зейнелхан Оспанова.