11 қыр, 2020 сағат 08:27

Алматы облысында 1 млн теңге жалған ақша жасап өткізген азамат сотталды

Алматы облысында 1 млн теңге жалған ақша жасап өткізген азамат сотталды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 1988 жылы туған, ҚР азаматына қатысты жалған купюраларды дайындау, сақтау, тасымалдау және сату бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді. 

Тергеу барысында Алматы қаласының тумасы Алматы облысы аумағында жалпы сомасы 1 млн. теңгеден асатын номиналы 5 000 теңге болатын жалған ақша өткізгені анықталды. 

«Сот үкімі бойынша айыпталушы қылмысты жасағаны үшін ҚР ҚК 231 бабының 1 тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.