Алматы облысы әкімі А. Баталов Астанада өтіп жатқан Экспо-2017 көрмесіндегі Ресей павильонында өткен Татарстан экспозициясының салтанатты таныстырылымы шеңберінде Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды"Ұлт ақпарат" облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл кездесу Татарстан Республикасы Үкіметімен экономикалық, іскерлік және мәдени байланыстар орнатуды жалғастыру мақсатында өткізілді. Кездесу барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан жобаларға қатысты ынтымақтастық байланыстар туралы сөз болды. Сонымен қатар тәжірибе алмасу үшін қос тарап бір-біріне шақыру ұсынысын білдірді.
Атап өтсек, екі жақты ынтымақтастықтың дәлелі ретінде бұған дейін биылғы жылдың наурыз айының соңында Татарстан Республикасы делегациясының облысқа сапары барысында Алматы облысының Панфилов ауданы мен Татарстан Республикасының Менделеев муниципалды ауданының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.