30 қаз, 2020 сағат 09:47

Алматы мұғалімдері кешіккен үстемеақысын 10 қарашаға дейін алады

Алматы әкімдігі ҚР БҒМ біріге отырып педагогикалық шеберлік үшін төленетін үстемеақы мәселесін шешті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық Білім беру басқармасында хабарлағандай, ҚР БҒМ тарапынан осы мақсатта республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. 

«Педагогикалық ставкалардың артуына байланысты тапшылық пайда болды. Бұл мақсатта бөлінетін қаражат республикалық бюджетте қарастырылады», - деді басқармадан.

Бүгінде қалада 8100 мұғалім жергілікті бюджеттен 25 пайыздық қосымша үстемеақы алды.

Одан бөлек 15 мың мұғалімге үстемеақы төленбеген болатын.

Қалалық басқарма республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы өтінім берді.

Министрлік тарапынан өтінім мақұлданды. 10 қарашаға дейін барлық мұғалімдер тамыз-қыркүйек айындағы үстемеақысын алады.