Фото: kolesa.kz
Жобаның техникалық құжатында жаңа метро желісі "Жібек Жолы" станциясынан бастап әуежайға дейін болатыны көрсетілген, деп хабарлайды Ult.kz.
Желі станциялары:
№1 – "Жібек Жолы" станциясының жанында, Назарбаев даңғылының шығысында, бірінші желіге ауыстырып міну торабы ұйымдастырылады;
№2 – Орталық мәдениет және демалыс саябағының маңында;
№3 – Құмай көшесі мен Шығыс айналма автокөлік жолы қиылысында;
№4 – "Халық Арена" спорт кешенінің жанында;
№5 – "Шығыс" көлік ауыстырып міну торабы аумағында, "Жетісу" базарына қарама-қарсы бетінде;
№6 – "Апорт-2" сауда ойын-сауық орталығы мен автосалонның жанында;
№7 – Нұршашқан ықшамауданының маңында;
№8 – әуежайдың жанында.
Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 2025 жылдың қыркүйегіне дейін байқау жарияланған.