24 нау, 2023 сағат 18:19

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың тізімі жарияланды

Фото: Tengrinews.kz

Алматы мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша ең көп дауысты Amanat партиясы жинады. Сайлау нәтижесі Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының отырысында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Комиссия мәліметінше, сайлаушылардың жалпы саны 1 202 078 адамды құраған. Соның ішінде 302 984 адам бюллетень алған. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны – 302 270 адам, оның 2 722-сі дауыс беру учаскесінен тыс жерде өз таңдауын жасаған.

Amanat партиясына 151 531 сайлаушы, яғни жалпы санның 51,94%-і дауыс берді. Respublica партиясы - 13,15% дауыс, Қазақстан халық партиясы – 13,22%, "Байтақ" жасылдар партиясы – 7,97%, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 5,23% дауыс жинады. Ал 16 490 адам "Бәріне қарсымын" тармағын таңдаған.

Осылайша, Amanat партиясы – 12 мандат, Respublica партиясы – 3, Қазақстан халық партиясы – 3, "Байтақ" жасылдар партиясы – 2, "Ақ жол" партиясы 1 мандат алды.

Небәрі 2,83% дауыс жинаған "Ауыл" партиясына мандат бұйырмады.

Бір мандатты аумақтық округтер бойынша Алматы қаласы мәслихатына депутат болып сайланғандар:

№1 округ бойынша – Әкім Хазретәлиұлы Тұрсынов;

№2 округ – Дастан Темірәлиұлы Жантелиев;

№3 округ – Гүлжан Мырзалықызы Бекенова;

№4 округ – Башинская Анна Романовна;

№5 округ – Зәуреш Әбілғожанқызы Өмірбаева;

№6 округ – Бақытбек Әшімұлы Жұмабаев;

№7 округ – Алтынай Орманқалиқызы Қабиева;

№8 округ – Тимур Мэлсұлы Елеусізов;

№9 округ – Козлов Сергей Анатольевич;

№10 округ – Болат Ибрагимұлы;

№11 округ – Қайрат Талапұлы Бегалин;

№12 округ – Мұхтар Махамбетұлы Зүлеев;

№13 округ – Ералы Болатұлы Сауранбаев;

№14 округ – Еркінбек Әбдіғаппарұлы Рахышев;

№15 округ – Мұрат Мұсаұлы Өтемісов;

№16 округ – Қарашаш Өзбекбайқызы Жүзеева;

№17 округ – Әміржан Әміржанұлы Нәбиев;

№18 округ – Дулат Тұрсынұлы Тастекеев;

№19 округ – Зия Балалдинұлы Талғатов;

№20 округ – Шин Андрей Антонович;

№21 округ – Дулат Әмірғалиұлы Рамазанов.