30 қыр, 2020 сағат 13:02

Алматы маңындағы экопосттар қалай жұмыс істейді?

Алматыда бірнеше экологиялық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Алматының Қоғамдық кеңес отырысында қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір қаланың периметрі бойынша экопосттарды орнатуға қажетті құралдарды сатып алу және орнату бойынша тендерлік процедуралар жүріп жатыр. Экопостар бірдей режимде жұмыс істейді, яғни олар ереже бұзушыларды анықтайды, сонымен бірге қаладағы көліктердің қозғалысын бақылайтын арнайы жүйе іске қосылады. Жылжымалы зертхана да болады. Осылайша, біз автомобильдердің қозғалысын қадағалаймыз», – деді Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы.

Сонымен қатар, Наталья Ливинская қалада 19 блокпост болатынын атап өтті.

«Біз тікелей Полиция департаментімен жұмыс істейміз. Заң бойынша полицейлер көлік иесін тоқтатып, айыппұл салуға құқылы. Экопостарда көліктерден шығатын зиянды заттарды өлшеуге арнайы оқытылған мамандар жұмылдырылады. Сонымен қатар, сол қызметкер хаттама жасайды, оның негізінде полиция қазірдің өзінде шара қолдана алады», - деді ол.