10 қаң, 2022 сағат 10:47

Алматы лаңкестікке, тонау қылмысына қатысы бар деген күдікпен 508 адам ұсталды


Алматы комендатурасы қаладағы жағдай бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығының мәліметінше, келесі аймақтар қылмыскерлерден тазартылды: 

Сайн - Райымбек - Карьерная - Жандосов көшелерінің аумағы, Абай - Достық - Әл-Фараби - Желтоқсан көшелерінің аумағы. 

Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. 

Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 508 қатысушысы ұсталды. 22 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 412 оқ-дәрі тәркіленді. 

Блобекеттерде 56 адам, 9 көлік ұсталды. 

«102» басқару пультіне 1 021 хабарлама келіп түскен. 

Комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 525-і дабыл түсті.