27 қыр, 2021 сағат 10:23

Алматы көшелерінің бірінде жыныстық қатынасқа түскендер ұсталды


Алматы полиция департаменті басшысының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов қала көшелерінің бірінде жыныстық қатынасқа түскен адамдардың Желіде тараған видеосына түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицейдің айтуынша, тәртіп бұзушылар табылып, әкімшілік жауапқа тартылды. 

Видеодан екі адам жамылғы астында жақындасқанын, тағы бір үшінші адам олардың қасында болғанын көруге болады. 

"Біз тексеріс жүргізіп, тәртіп бұзушыларды анықтадық, олар 1974, 1988 және 1990 жылғы тұрғындар екен.

Сонымен қатар, Е есімді ер адам көпшілік алдында кешірім сұрады, өйткені бұл заңсыз әрекет қоғамға шықты. Кешірім сұрау заңда көзделген жауапкершілікті алып тастамайтынын еске саламын", - деп жазды Әбдірахманов.