25 жел, 2021 сағат 14:34

Алматы-Қорғас тасжолы қалың тұманға байланысты жабылды


Алматы-Қорғас тасжолы қалың тұманға байланысты жабылды. Мамандар бұл бағытқа жолға шықпауды ескертеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылғы 25 желтоқсан сағат 12:00-ден бастап күн райының нашарлауына яғни, қалың тұман түсіп, жолдың көрінбеуіне байланысты «Алматы-Қорғас» республикалық маңызы бар автожолы жабылды. Нақты аталған бағыттың 24-140 шақырымында қозғалыс тоқтатылады. Бұл Арман кенті мен Шелек ауылының маңы. Бұл бағытта автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», - делінген Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ведомствоның мамандары Алматы облысының осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды ескертеді.