12 қаң, 2021 сағат 08:41

Алматы клиникалары жаңа медициналық аппараттармен жабдықталды

Алматы клиникаларын медициналық құрылғылармен жабдықтаудың үш жылдық бағдарламасы аясында мегаполистегі медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығаюда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматының медицина ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен 43,1 млрд теңге бөлінді. 

Бұл қаржыға өкпені жасанды желдетуге арналған 285 аппарат, жоғары ағынды O2FLO оттегі терапиясының 250 аппараты, 1050 оттегі концентраты сатып алынды.

Алматы Қоғамдық денсаулық басқарамасына қарасты медициналық ұйымдарға 47 рентген және 52 УЗИ аппараты берілді. 

Сондай-ақ, «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК, И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК, Модульді орталық, «Балалардың қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК, «Жедел медициналық көмек көрсетудің қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК, «Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК-ға 6 оттегі станциясы орнатылды. 

Модернизациялау аясында №4 Қалалық клиникалық ауруханаға орнатылған жаңа мультиспиральді МСКТ – Hitachi Supria, 128 компьютерлік томография іске қосылды. Оның артықшылығы, жүрек пен коронарлық артериялардың атеросклеротикалық өткізгіштігін анықтайды әрі тез сканер жасайды. Өйткені тиісті хаттамалар жасау үшін жедел сканерлеу қажет.