26 қаз, 2020 сағат 14:50

Алматы кинотеатрларына жұмыс істеуге рұқсат берілді

Алматы кинотеатрларына жұмыс істеуге рұқсат берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін біз кинотеатрларға жұмыс істеуге рұқсат бердік. Алайда, залдың 30 пайызы ғана толуы тиіс. Келушілердің саны бір сеанста 50 адамнан аспауы керек. Нысандарда тепловизорлар, санитайзерлер болғаны шарт. Әлеуметтік қашықтық шарттары сақталып, ҚР Бас санитар дәрігерінің №58 қаулысының талаптары орындалуы тиіс», - деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.