
Алматы кардиоорталығында 22 пациент коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның айтуынша, орталықта 15 инфекциялық төсек орын жайғастырылған.
«Себебі, инфракт алған науқас пен қан қысымы жоғары науқас негізгі диагнозына қатысты ауруханада емделуі тиіс. 1 желтоқсанда провизорлық орталықта бір адамда вирус анықталды. Біз профилактикалық тексеру жүргіздік. Нәтижесінде 22 адамнан оң тест нәтижесі шықты. Сондықтан, бөлімше палаталарында инфекция ары таралмас үшін дезинфекциялық өңдеу жасалды», - деді Бекшин.
Оның айтуынша, бұл шаралар ауруды ауыздықтауға септігін тигізбек.
Сонымен қатар, коронавирус кардиоорталықтың 2 қызметкерінен табылды. Олар уақытында оқшауланған.
