30 сәу, 2020 сағат 09:05

Алматы: Қара топырақ ұрлап, сатпақ болғандар ұсталды

Алатау ауданының аумағында қара топырақты қазып, жүк көлігіне тиеп алып кетпек болған азаматтар ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Полиция әкімшілік құқық бұзушыларды заттай айғақпен ұстады.

«Бұл азаматтар ҚР ӘҚбК бірқатар баптарымен жауапқа тартылды. Олар құнарлы қара топырақты ұрлап, сатпақ болған. Сондай-ақ, олардың карантин кезінде қала ішінде қозғалуға ешқандай рұқсаты жоқ»,– дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Осылайша, 23-38 жас аралығындағы төрт ер адам ҚР ӘҚбК 337, 463, 476 және 505 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жиналған материалдар Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына тапсырылды, ол жерде әр бұзушыға қатысты шешім шығарылады.