16 қаз, 2021 сағат 10:28

Алматы - Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды


Алматы - Қапшағай тасжолында Lada Granta жүргізушісінің кесірінен ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Апаттың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, апат таңғы сағат 8-де оңтүстік бағыттағы Алматы - Өскемен жолының 19-шақырымында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Lada Granta автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі маневр жасап жатқанда көлігін тізгіннен шығарып алған", - дейді құқық қорғау органдары өкілі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция әкімшілік іс қозғап, Lada Granta айып тұрағына қойылды.