Фото: canva.com
Бір жылда қалаға 507 мыңнана аса шетелдік турист келді, деп хабарлайды Ult.kz inbusiness.kz -ке сілтеме жасап.
Қала "Condé Nast Traveller" журналының нұсқасы бойынша үздік 5 тау-шаңғы бағытының қатарына еніп отыр. Сонымен қатар, Алматыны New York Times саяхат үшін үздік 10 орынның бірі ретінде көрсеткен. Ал Qatar Travel Mart 2024-те 60 елдің арасынан "Үздік туристік бағыт" номинациясын алды.
2024 жылы Қазақстандағы туристік ағындағы Алматының үлесі 25%-ға жеткен. Яғни, туризм саласындағы инвестиция 29,3%-ға өсіп, 86,6 млрд теңгеге артқан. Соның арқасында салықтық түсімдер 76,9 млрд теңге дейін өскені байқалады.
Алматы туризмді дамыту арқылы Орталық Азиядағы жетекші орынын нығайтып жатыр. 2024 жылдың 9 айында қалаға 1,7 миллион турист келсе, оның 507,6 мыңы шетелдік турист болып шықты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға көп.
Шығын деңгейі жоғары шетелдік туристерді тарту Алматы үшін басым бағытқа айналды. Осы үшін Қытай, Түркия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германия, БАӘ, Италия, Малайзия, Сауд Арабиясы және Сингапур сынды 10 негізгі нарыққа баса назар аударылып жатыр.