ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 15 шілде күні Алматы уақытымен 14 сағат 48 минут 42 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 44 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 8,4. MPV магнитудасы – 4,0. Тереңдігі – 10 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.
