Фото: ашық дереккөз
Бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден астам пара беруге қала тұрғындарын көндірген адовкат пен екі қала тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Ult.kz.
"Алматы қаласы Медеу аудандық сотымен Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р. Наинбаев және қала тұрғындары Д. Тұяшев, Г. Сәкенова сотталды", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратта.
Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа – 4 жыл және Наинбаевқа - 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.