11 қыр, 2020 сағат 11:46

Алматы фтизиопульмонология орталығынан соңғы екі науқас коронавирустан жазылып шықты

Алматы фтизиопульмонология орталығының мамандары COVID-19-бен түскен соңғы 2 пациентті шығарып салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

68 жастағы әйел мен 60 жастағы ер адам өкпелерінің 85% және 100% қабынуымен түскен. 

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің күшімен пациенттер аурудан айығып кетті. 

«Медицина мамандарына алғысым шексіз. Әсіресе реаниматологтарға көп рахмет. 26 күндей ес-түссіз жатыппын. Аман алып қалғандарыңыз үшін рахмет», - деді пациент.

Бұл орталықта 12 сәуірден бері кронавирустан 1300 адам жазылып шыққан. 5 ай бойы орталық мамандары, реаниматологтар, фтизиатрлар, хирургтер, медбикелер, санитарлар осынша адамның денсаулығын үшін тер төккен. 

«Алайда әлі де коронавирус қаупі сейілген жоқ. Күз бен қыста жедел вирустық инфекциялармен қабаттаса отырып, коронавирус инфекциясы да жоғары жылдамдықпен таралуы мүмкін. Сақтық шараларын барынша сақтауларыңызды сұраймын», - деді орталықтан.