Фото: Canva.com
Алматы CNN нұсқасы бойынша үздік туристік бағыттар тізіміне кіріп, Booking.com платформасы бойынша жылдың ең танымал қалаларының бірі атанды, деп хабарлайды Ult.kz.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 2025 жылдың бірінші тоқсанында шаһарға келген туристер саны 18%-ға артқан.
"Бұл кезеңде қалаға 497 мыңға жуық адам келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ға көп. Әсіресе, шетелдік туристер санының көбеюі қуантады: олардың саны 18%-ға артып, 145 058 адамға жеткен", - делінген хабарламада.
Туристер легінің артуы Үндістан (+73,4%), Қытай (+39,3%), Түркия (+24%), Біріккен Араб Әмірліктері (+47,8%) және Малайзия (өсім - 5,7 есе) сынды елдерден байқалды.