05 қар, 2024 сағат 11:26

«Алматы Бас жоспары» ЖШС Бас директорының орынбасары сотталды

Фото: Pexels.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен «Алматы Бас жоспары» ЖШС Бас директорының орынбасары С. Өмірәліұлы сотталғанын хабарлады.

"Ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.


Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.