Алматыда автобус күтіп тұрғандардың видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының ашуына тиді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желіде көпшіліктің аялдамада жиналып тұруы автобустар мен дизель отынының жетіспеушілігінен болды деп болжайды. Қалалық мобильділік басқармасы әлеуметтік желілерде таралған видео Райымбек-Әшімов, Қалқаман қиылысындағы "7-ші қалалық аурухана" аялдамасында түсірілгенін түсіндірді. Бұл аумақта 18 бағытта автобус жүреді: № 11, 14, 15, 16, 23, 26, 27, 31, 47, 67, 78, 95, 102, 112, 115, 118, 128, 202. Күнделікті 263 автобус жүреді.
"Кептеліс уақытында маршруттардың қозғалыс кестесінің бұзылуы жолдағы кептелістер салдарынан болды, жол жұмысының жүргізілуіне байланысты маршруттар ұзақ уақыт жүреді. Орталық диспетчерлік қызмет әр бағыттың қозғалысын қадағалайды, ауытқыған жағдайда шара қолданылады", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.