лматыда алғашқы үш күнде қоғамдық көліктерде орналастырылған «ақылды» камералардың көмегімен маска режимі мен әлеуметтік ара қашықтықты бұзғандар анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қоғамдық көлікте санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуын бақылайтын пилоттық жоба «Ақылды» камералардың көмегімен алғашқы үш күнде-ақ автобустардағы әлеуметтік ара қашықтықтың сақталмағаны анықталды. 52 адам бетпердесіз болса, 89 адам оны дұрыс кимеген. Тестілеу жалғасады», – деп жазды Instagram-дағы парақшасында Бақытжан Сағынтаев.