10 қыр, 2024 сағат 17:09

Алматы автобустарында ұрлықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды

Фото: pixabay.com

Алматыда прокурорлар «қалта ұрылары» ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметіне тосқауыл болды. Бұл туралы қалалық ведомство сайтына сілтеме жасаған Ult.kz хабарлайды.

Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, ҰҚТ-ның көшбасшысы мен 11 мүшесі, өткен жылдың қараша айынан бері қоғамдық көлікте торуылдап, азаматтардың құнды заттарын ұрлағаны анықталды.

Орташа есеппен, қаскүнемдердің күнделікті қылмыстық табысы шамамен миллион теңгеге жеткен.

Сот үкімімен қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

ҰҚТ-ның екі қатысушысына іздеужарияланып, оларға қатысты жеке тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қадағалау органы азаматтарды қырағы болуға және сақтық танытуға шақырады.