03 қыр, 2020 сағат 12:35

Алматы автобустарында маска тақпай жүрген 1 700 адам анықталды

Алматы автобустарында орнатылған бейнекамералар арқылы 1700 маска режимін бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жоба тамыз айынан бастап қолға алынған болатын. 2 бағдарда №120 және №65 маршруттардың 4 автобусында 8 камера орнатылды. 

«Жолаушылар арасында маска режимін бұзған 1773 дерек тіркелді. 1106 адам маска тақпаса, 667 жолаушы масканы дұрыс тақпаған», - деді брифинг барысында Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов. 

3 автобус жүргізушісі тәртіптік жазаға тартылды. 

Осы мақсатта «Көлік холдингі» ЖШС мен «Қазақтелеком» АҚ арасында қыркүйектің соңына дейін 8 маршруттың 32 автобусына ақылды камера орнату туралы келісімге қол қойылды. 

1. №25 (4 автобус) 

2. №7 (4 автобус) 

3. №205 (4 автобус) 

4. №137 (4 автобус) 

5. №37 (4 автобус) 

6. №69 (4 автобус) 

7. №38 (4 автобус) 

8. №63 (4 автобус) 

Жобаға сәйкес маскасыз жүрген жолаушы туралы ақпарат орталық диспетчерге жетеді. Оператор тез арада автобус жүргізушісіне хабарлап, шара қолданады. Маскасыз жолаушы автобустан түсіріледі немесе маска тағуға мәжбүр болады.