07 қаз, 2020 сағат 16:33

Алматы автобустарына бактерицидті шам орнатыла бастады

Алматыда қоғамдық көлік салондары соңғы аялдамасында кварцтан өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Алматыэлектротранс» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы авобустарында бактерицидті шамдар қойылатынын айтқан болатын. Бұл шамдар салонды дезинфекциялау үшін қолданылмақ. 

«Алматыэлектротранс» компаниясының хабарлауынша, тест режимінде бұл шам 2 автобусқа қойылған. 

«Оның бірі - 18 метрлік, екіншісі - 9 метрлік автобус. Бактерицидті шам автобустардың соңғы аялдамасында 5-7 минуттан қосылады. Яғни, 14 мәрте. Автобус неше рейс жасайды, сонша рет қосылатын болады», - деді компаниядан. 

Кварцтаудан соң жүргізушілер автобусты желдетіп алып рейске шығады.