23 ақп, 2022 сағат 21:25

Алматы ауруханасында пациент дәрігердің күртешесі мен аяқ киімін ұрлап кеткен


Алматы ауруханасында дәрігердің күртешесі мен аяқ киімін ұрлап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Медициналық көмек алған 30 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылғаннан кейінгі күні рұқсатсыз, өз еркімен ауруханадан кетуге шешім қабылдаған. Жылы киімі мен аяқ киім болмағандықтан ол қызметкерлер бөлмесіне кіріп, өзінің өлшеміне келетін қолайлы киімдерді киіп кеткен. Белгілі болғандай бұл - хирург-дәрігердің заттары екен. Бейнебақылау камераларының, сондай-ақ арнайы базаның көмегімен күдіктінің саусақ іздерін бақылау арқылы оның кім екені анықталды. Күдікті ұсталды», - дейді Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Заттар өз иесіне қайтарылды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып жатыр. 

Ұсталған адам жасаған іс-әрекетін жоққа шығармай, бірден мойындады.