Алматы халықаралық әуежайы авиациялық жанар-жағармай тапшылығына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы халықаралық әуежайының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жолаушылар рейсіне жанармай құю көлемін шектеу және бірреттік чартерлік рейстерге жанармай құюды тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл шаралар Қазақстандағы авиациялық жанармай тапшылығына байланысты қабылданды», - деді Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің жетекшісі Найля Жабагина.