Алматы әуежайында көлік полицейлері криптовалюта өндіруге арналған қымбат жабдық ұрланғанын әшкереледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы әуежайында аса ірі көлемде ұрлық жасаған бортсерік анықталған. Ол Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаумен айналысатын әуекомпаниялардың бірінде жұмыс істеген.
"Соталды тергеу барысында, бортсерік әуе кемесінің жүк қоймасынан криптовалюта өндіруге арналған жабдықты бірнеше рет ұрлағаны анықталды", - деді көлік полициясы өкілі.