03 қаз, 2016 сағат 07:17

Алматы әуежайында адамдар эвакуацияланды

Алматы әуежайында жолаушыларды тексеру барысында төгілген сынапқа байланысты адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі kaz.tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Алматы-Тбилиси рейсінде аджика құтысына сынап салып, өткізіп жатқан жолаушы анықталды. Сынаптың көлемі шамамен 100-150 миллиметр. Оны терминал аумағында тексеру барысында анықталды. Тексеру жұмыстары жүріп жатқанда жолаушы ол сынапты қоқысқа төгіп тастаған. Ол Қазақстанның 38 жастағы азаматы болып шықты. Ережеге сәйкес, адамдар эвакуацияланды", - деп хабарлады әуежайдың өкілдері.

Қазіргі уақытта ЖІІБ-дегілер жолаушыдан жауап алып жатыр. "Рейстер тоқтатылып жатыр. Оқиға орнына ІІМ ТЖК қызметкерлері барды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілері.