
Алматылықтар әуежай аумағында жайылған газдың иісіне шағымданды. Түрксіб ауданының әкімдігі бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әуежай жақтан шыққан газдың иісі туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындар өткір иіс бас ауыртып, жүрек айнытқанын жазды.
Түрксіб әкімдігі бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді.
«Газ тарату станциясы газды одоранттау жұмыстарын жүргізді. Бұл газдың ағып жатқанын білу үшін қолданылатын тәсіл. Қазіргі уақыта жұмыс толық аяқталды. Газдың иісі 1-1,5 сағатта жойылады. Апат болған жоқ», - деп түсіндірді әкімдіктен.
