Алматы халықаралық әуежайы өз қызметкерінің лас су толы құдыққа құлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта қалдық төгуге барған әуе айлағының қызметкері лас су толы құдыққа құлап, ауруханаға түскені туралы айтылған болатын.
«Шын мәнінде Алматы халықаралық әуежайының қызметкері өзінің алаңсыздығы салдарынан тереңдігі 70 см болатын арыққа құлаған. Қызметкер арықтан өзі шыққан. Ауыр жарақат алған жоқ және денесіндегі жұмсақ тіндері ғана көргерген. Әуежайдың медициналық қызметі алғашқы көмек көрсету үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдады. Қызметкердің денсаулығы үнемі бақылауымызда, жұмыс берушіге ешқандай шағымы жоқ», - деп хабарлады Халықаралық әуежайдың баспасөз қызметінен.