Әкімдік Алматыдағы көлік иелеріне жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге ауыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.
"Құрметті қала тұрғындары! 5-6 қазан аралығында Алматы қаласында ауа температурасы 0, +4 градусқа дейін төмендеп, жаңбыр жауып, арты қарға ұласады деген болжам бар. Осыған байланысты автокөлік иелеріне жазғы дөңгелекті қысқы дөңгелекке ауыстыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, автокөлік иелеріне белгіленген жылдамдық режимін асырмауға, күрт тежеуге жүгінбеуге, қашықтықты сақтауға кеңес береді.