04 нау, 2024 сағат 10:35

Алматыда педофилияға күдікті шекара бөлімінің лауазымды қызметкері ұсталды


Алматыда жасөспірімге азғындық әрекетке күдіктелген шекара бөлімінің лауазымды қызметкері ұсталды. Бұл туралы Алматы полициясы ресми мәлімдеме жасады деп хабарлады "Ұлт Ақпарат".

Хабарламада Алматы қаласы Жетісу ауданының ПБ №28-74 шекара бөлімінің подполковнигі Нұрқадам Керімқұловтың педофилияға қатысы бар деген күдікпен ұсталғаны айтылған. 

«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объектив мән-жайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.