06 қар, 2024 сағат 10:57

Алмасбек Садырбаев 1,2 млрд теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

Фото: видеодан кадр

Алматы облысында субсидия алу кезінде деректерді бұрмалау фактілерін анықтау барысында «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы А. Садырбаевтың аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны әшкереленді, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.

Ол Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрған. Негізгі мақсат - ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жем-шөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылған. Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер берілген. Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған.

А.Садырбаев ұсталды. Ал оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында.