27 сәу, 2022 сағат 13:16

Әлия Назарбаева экологиялық қауымдастықтағы басшылық қызметінен кетті


Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының басшысы қызметінен кетті. Ақпаратты Экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"Иә, шынымен де, Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының басшысы қызметінен кетті. Қаңтардың аяғында кеткен болатын. Ал 4 ақпанда қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысын өткіздік", - деді Соловьева.

Әлия Назарбаева 2017 жылдың қарашасында Экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумы басшысы болған еді. Ассоциацияның қамқоршылық кеңесін жасыл экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Рай Квон Чунг таныстырған болатын.