08 қыр, 2021 сағат 18:44

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы сатылады


Ақтөбедегі халықаралық әуежай сатуға шығарылды. Алғашқы құны – 7,3 миллиард теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021-2025 жылдары аралығында Ақтөбе облысында 23 коммуналдық мекеме жекешелендіріледі. 

Оның 12-сі биылға жоспарланған.

«Жекешелендірілетін нысандардың бірі - Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы. Қазір құны 7,3 млрд теңгеге бағаланып тұр. Оны бағалау компаниясы анықтады. Бәрі заңға сәйкес. Сату-сатып алу электронды түрде жүргізіледі. Портал өзі анықтайды», - деді Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Өнербаев. 

Оның айтуынша, 2020 жылы әуежайдың табысы 300 миллион теңге болған.