27 нау, 2022 сағат 10:13

Әлімханұлының Головкин салмағында жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды


Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасындағы жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Boxingscene.com ақпараты бойынша, жекпе-жек 21 мамырда болады. Алайда нақты қайда өтетіні белгісіз. 

Бұған дейін ұлыбританиялықтың промоутері Ли Итон әлеуметтік желіде бұл кездесуге қатысты ақпарат жариялаған еді. 

"Бокс кешінің қайда өтетіні туралы жаңалық күтіп отырмыз. Бірақ жекпе-жек мамырда болады деген хабар берді", - деп жазды Итон Twitter-парақшасында.