11 жел, 2021 сағат 14:12

Әли Ахмедов АҚШ-та мексикалық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді


Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Vesti.kz

Отандасымыз бүгін Венесуэла елінің өкілі Пол Валенсуэламен кездесіп, жеңіске жетті. 

Монтебелло (АҚШ) қаласындағы айқас он раундқа жоспарланған болатын. Бірақ жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Серия соққы жасаған Ахмедов қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Бұл - Ахмедовтің карьерасындағы 18 жеңісі. Ол 14 кездесуде қарсыласын нокаутпен ұтты. Ал Валенсуэла болса, 11 мәрте жеңілді. 

Еске салайық, Ахмедовтің кездесулерін орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин негізін қалаған GGG Promotions ұйымдастырады. Ал дәл осы кездесуге оны Максим Головкин дайындады.