Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда Атом электр станциясын нақты кім салатыны биыл жазда анықталады. Үкімет түпкілікті шешімді 1 шілдеге дейін қабылдайды, деп хабарлайды Ult.kz.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, АЭС-ті салатын компаниялардың әлеуеті талданып жатыр. Тендердің бүкіл қатысушысына 19 бөлімнен тұратын 207 сұрақ жіберілді.
Жеңімпаз туралы тиісті шешім мерзімінен бұрын қабылдануы мүмкін. Сондай-ақ, министр елімізде алғашқы атом электр құрылысының шамамен қашан басталатынын айтты.
«Біздің жоспарымыз бойынша кемінде үш атом электр станциясы салынады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, АЭС құрылысын жобалау үш жылға дейін созылады. Содан соң құрылыс жұмыстары басталады. Екі жылдың ішінде құрылысқа кірісеміз. Алайда нысанның негізгі құрылысы тек техникалық-экономикалық негіздеме аяқталғаннан кейін жобалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік органдардан барлық қажетті рұқсат алынған соң ғана басталады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Бұған дейін Үкімет елдегі алғашқы атом электр станциясы салынатын орынды ресми бекітті.