30 жел, 2022 сағат 17:38

Әлем чемпионатында хиджабсыз өнер көрсеткен Иран шахматшысы Испанияға қашуға мәжбүр

Фото: Эрика Розена/ФИДЕ

25 жастағы Сарасадат Хадемальшарьех биыл 25-30 желтоқсанда Алматыда өткен ФИДЕ блиц-шахматтан әлем чемпионатына қатысқаннан кейін Испанияға көшуге мәжбүр.

Ол 2012 жылдан бері әлемдегі ең перспективалы ирандық шахматшылардың бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі EL PAÍS-ге сілтеме жасап.

Спортшы хиджаб деп аталатын дәстүрлі орамалсыз ойнаған. Мұсылман орамалының болмауы заңбұзушылық және оны Иран режимі наразылықты қолдау деп есептейді.

Спортшы Ирандағы отбасының қауіпсіздігіне алаңдаулы, себебі бірнеше суретке хиджабсыз түскен. EL PAÍS дереккөзіне сәйкес, шахматшы отбасының Испанияда пәтері бар.

Сарасадат ирандық шахматшы Алиреза Фирузияны (әлемде 4-ші орында, Францияға көшкен, израильдік қарсыласымен ойнауға тыйым салынғандықтан жеңіліп қалды) қолдап, видеоролик жолдады. Ол Иран үкіметінің израильдіктермен ойнауға тыйым салу туралы заңның күшін жою керегін мәлімдеген болатын. Осыдан соң ел үкіметі шахматшыға қысым көрсете бастаған.

Үш жыл бұрын Испаниядағы Sunway Sitges шахмат фестивалінде Иранның екі үздік ойыншысы Пархам Магсудлу мен Амин Табатабаи 17 жастағы Идо Горштейннен жеңіліп қалған еді. Иран үкіметі ашуланып, спортшыларын тергеуге алды. Олар қарсыласының израильдік екенін білмегенін айтқан.

Иранда шахмат ойнауға 1989 жылы рұқсат етілді. Содан бері шахмат дамып, ирандық спортшылар жүлделі орындар алып жүр. Қазіргі таңда Иран Азия өңіріндегі ұлы шахмат державаларының бірі болып саналады.