23 мам, 2021 сағат 14:22

Александр Гинцбург: Вакцина алғандарда постковид синдромының әсері минималды болады


Жаңа коронавирус инфекциясына қарсы вакциналанған, бірақ COVID-19-бен ауырған азаматтарда постковид синдромының әсері минималды түрде болады. Мұндай мәлімдемені Ресейдің Н. Ф. Гамалея атындағы орталық директоры Александр Гинцбург жасады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Вакцинация жағдайында аурудың бүкіл процесі жұтқыншақ арқылы жүреді, ал қоздырғыш өкпеге түскенде немесе бүкіл денеге таралған кезде постковидтік синдром пайда болады», - деді Гинцбург. 

Гинцбург бұған дейін «Спутник V» вакцинасының екі компонентімен вакциналанғандардың арасында коронавирус инфекциясы жағдайлары сирек кездесетінін хабарлаған. Негізінен, олар екінші вакцинациядан кейін үш апта ішінде, иммунитет әлі толық дамымаған кезде бекітіледі. 

Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің ауруханалық терапия кафедрасының меңгерушісі, Ресей респираторлық қоғамының басқарма төрағасы, Ресей Ғылым академиясының академигі Александр Чучалиннің айтуынша, COVID-19-дан кейін көптеген адамда постковидтен кейінгі миокардит, өкпеде, ұйқы безінде, бауырда үлкен өзгерістер және басқа да бірқатар проблемалар анықталған.