Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету міндеті 1 қаңтардан бастап Словакиядан Албанияға көшті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ұйымның сайтына сілтеме жасап.
«ЕҚЫҰ төрағалығына кірісу Албания үшін тарихи сәт. Бұл ұйымға жетекшілік ету - бізге көрсетілген үлкен сенім», - деді премьер-министр - еуропалық және шетелдік істер министрі, ұйымның өңірлік өңірлік қауіпсіздігі төрағасы лауазымына кіріскен Эди Рама.
Оның айтуынша, Албанияның төрағалық етуі үш маңызды мақсатқа негізделмек: саяси міндеттемені орындау, жер-жерде болуы ықтимал жанжалдың өршуінің алдын алу, сайлауды қадағалау немесе қолдау, қауіпсіздікті күшейту, азаматтардың игілігіне жұмыс істеу. Сонымен қатар Париж хартиясының 30 жылдығы рух берген диалогты жалғастыру болмақ.
Айта кеткен жөн, Украинадағы дағдарысты реттеу Албания төрағалығы кезінде басты назарда болады.