Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ҚР ІІМ жеке қауіпсіздік тобының қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Нақтырақ айтқанда, ҚР ІІМ жеке қауіпсіздік тобының бұрынғы бастығы, ҚР ІІМ жеке қауіпсіздік тобының ІІБ аға жедел уәкілі мен Ақтөбе қаласының ПБ полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
«Аталған адамдар өз қызметін пайдалана отырып, 2019 жылы Ақтөбеде құқық қорғау органының бұрынғы қызметкерін қылмыстық-атқару жүйесі органына жұмысқа орналастырамыз деп алдаған. Топтасып әлгі адамның сеніміне кіріп, 600 мың теңгесін жымқырған» деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.
Тергеу барысында күдіктілердің бәрі де кінәсін мойындапты. Қазіргі іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.