10 жел, 2022 сағат 14:10

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлем чемпионы атанды


Қазақстандық Алан Құрманғалиев Тунисте өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы Əлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Отандасымыз жұптық сайыстың (15 жасқа дейінгі) финалында мысырлық Хана Годамен бірге португалиялық Тиаго Абиодане және испаниялық Мария Берзосқа қарсы ойнады. Есеп: 3:0.

Айта кетейік, Алан мен Хана жартылай финалдағы тартысты ойында жапониялық - Такуми Танимото мен Рин Мендені жеңген еді. Есеп: 3-2.

Еске салайық, Алан - барлық жас санатын қоса алғанда үстел теннисінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ спортшысы.