Алакөлге дельтаплан құлады. Мұны Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісу облысында Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен бірге суға құлаған 2 адамды құтқарды. Ер мен әйел адам медицина қызметкерлеріне берілді.
Қаза тапқандар жоқ.