03 мау, 2020 сағат 14:43

Ақтөбелік полицейлер көлікті айдап әкетпек болған қылмыстық топты ұстады

Ақтөбе облысы ПД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 312 Атқыштар дивизиясы көшесінде ресейлік есептегі «ВАЗ-21115» маркалы автокөлігін айдап әкету әрекеті кезінде үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер автокөліктердің есіктерін ашып, сымдарды тұйықтап, көлікті айдап кеткен. Полицейлер аталған көлікті ізге түсу арқылы тоқтатқан. Сонымен қатар, күдіктілердің Ақтөбе қаласының аумағында орын алған бірқатар пәтер ұрлығына да тікелей қатысы бар екендігі анықталды. Қазіргі таңда, айдап әкету фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Ұсталғандардың осыған сәйкес қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.