19 шіл, 2021 сағат 10:25

Ақтөбелік көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды


Ақтөбелік тұрғын көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға 18 шілде күні сағат 20:23-те тіркелді. Ақтөбе облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік пультіне полиция қызметкерлерінен хабарлама түсті. Ақтөбе қаласының тұрғыны «Лексус 350» маркалы жеке автокөлігінің салонына бензин құйып, есіктерін құлыптап, өзін-өзі өртемек болды. 

«Шақырту орнына шұғыл түрде 8 адам және 2 техника жіберілді. Оқиға орнына келген бойда өрт сөндіруші-құтқарушылар, азаматтық қорғау кіші сержанттары Т.К. Сырымбетов пен А.Р. Омаров машинаның артқы әйнегін сындырып, ал басқа құтқарушылар көбік шашты. Осылайша жедел әрі тиянақты әрекет ету нәтижесінде 1983 жылы туған тұрғын құтқарылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.