23 шіл, 2020 сағат 16:35

Ақтөбедегі зауыт оттегі баллондарын тегін толтырып береді

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өңірдегі емдеу мекемелеріне оттегі баллонын толтырып беріп отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбелік кәсіпкерлер дәрі-дәрмек, қажетті препараттар мен құрал-жабдық сатып алуға көмектесті. Ал Ақтөбе ферроқорытпа зауыты күн сайын оттек баллондарын тортырып беруді өз міндетіне алған. 28-маусымнан бастап 5,5 мыңнан астам оттегі баллоны толтырылып, ауруханалар мен уақытша орталықтарға жеткізілді. 

«Олар бізден көмек сұраған кезде, біз бірден жауап бердік. Бүгінде біздің қызметкерлер, яғни, оттегі бөлімінің шеберлері тәулік бойы жұмыс істейді. Ешқайсысы жұмысына шағымданған емес. Өйткені олар адам өмірін сақтап қалуға атсалысып жатқанын жақсы біледі. Басқа цехтар мұндай жұмыстың жүріп жатқанын естігенде, әріптестеріне көмекке жібере бастады. Қолдау білдіргені үшін алғысымызды білдіреміз», – деді «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов.

Айта кетейік, оттек баллондары жеке емхана жанынан ашылған провизорлық орталыққа, теміржол ауруханасы, Ақтөбе медицина орталығы мен «Шағала» шипажайындағы провизорлық орталыққа жеткізіліп беріледі. Сонымен бірге зауыт оттек баллондарын қосуға қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етті.

 

«Зауыт көмектесті, алғыс айтамыз. Босаған баллондарды бірден әкетіп, оттегі толы баллондарды жеткізіп береді. Жұмысшыларына басымызды иеміз. Олар дәрігерлермен бірге мыңдаған адамның өмірін өлімнен арашалап қалды», – деді «Дару» клиникасындағы провизорлық орталықтың бас дәрігері Изольда Каландия.

Айта кетейік, емдеу орындарына қажет болған соң 130 баллон берілді. Зауытта шамамен тәулігіне 300 баллон тортырылады.

«Жұмысшылар Бобров қондырғыларын жасап берді. Темір жонушылар оттегі жеткізуге арналған қосалқы бөлшекті таңдауға және оны жасауға көмектесті. Тәулік бойы тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға ризамыз», - деді

Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігері Рүстем Исаев.